$ 444.22  476.38  4.82

Петропавл тұрғыны Ленин ескерткішін 9 млн теңгеге сатпақшы

Ол мұндай құнды экспонатты қайдан алғанын айтудан бас тартқан.
фото: петропавловск.news
фото: петропавловск.news

OLX сайтында биіктігі 3,5 метр қоладан соғылған Владимир Ленин ескерткішінің сатылатыны туралы хабарлама пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы holanews.kz-ке  сілтеме жасап.

Петропавлдағы Ленин ескерткішінің салмағы – 1 400 келі.

Басылымның хабарлауынша, ескерткіш иесі түсті металдың сынықтары ретінде емес, тарихи ескерткіш ретінде сататындығын ғана айтып, мұндай құнды экспонатты қайдан алғанын айтудан бас тартқан.

Ленин ескерткішінің бағасы 1 600 000 Т мөлшерінде көрсетілген, бірақ хабарландыру мәтінінде бұл сома рубльмен есептелетіні айтылған. Ұлттық валютаға аударған кезде бұл шамамен 9 миллион теңге.

Ленин ескерткішінің төменгі жағында «КСРО көркемсурет қоры, Мытищи көркем құю зауыты» деген жазу бар.
Егер ескерткіш шынымен қоладан жасалған болса, онда оның түсті сынықтар нарығындағы құны 1400 килограмм салмақпен шамамен 2 миллион теңгені құрайды. Тағы бір нәрсе, ескерткішке қатысты мұндай манипуляциялардың заңдылығы біршама күмән тудырады, деп жазады басылым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары