$ 447.4  477.55  4.76

Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Тәртіп сақшылары апат бір күн бұрын Қапшағай-Бақанас жолының 51-ші шақырымында болғанын хабарлады.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қайғылы оқиға Алматы облысындағы Қапшағай-Бақанас тас жолында болды. Апат салдарынан 4 адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Апат туралы ақпарат және оқиға болған жерден түсірілген кадрлар Instagram-да парақшасында жария болды.

Суреттерде апат салдарынан бүлінген машиналарды көруге болады. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар туралы хабарланды. Алматы облысының ДП-ның Instagram-дағы ресми аккаунтында апат жайлы түсініктемелерде жарияланды.

Тәртіп сақшылары апат бір күн бұрын Қапшағай-Бақанас жолының 51-ші шақырымында болғанын хабарлады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Land Cruiser көлігінің 58 жастағы жүргізушісі шығысқа қарай жылжып келе жатқан жолаққа шығып кетіп, Toyota Mark 2-мен соқтығысқан», - деп түсіндірді полиция департаментінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары