$ 444.22  476.38  4.82

Алдағы күндері елордада ауа райы қандай болады?

Ауа температурасы түнде 11-13 градус аяз, күндіз 0-2 градус болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін елордада ауа райы жауын-шашынсыз, алайда көктайғақ болады. Алдағы күндері қалада ауа райы қандай болуы мүмкін екенін «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ертең, 26 наурызда синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады, солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығыстан соққан желге ұласып, 5-10 м/с жылдамдықпен соғады деп болжанып отыр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус аяз, күндіз 0-2 градус болады.

Елордада 27 наурыз күні көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -6-8 градус, күндіз 1-3 градус жылы болады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары