Экономист Арман Байғанов мектепке немесе көшеге Иманбек Зейкеновтің есімін беруді ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
"Қазақстандықтарды жерлесіміз Иманбек Зейкеновтың жетісгі шын қуантты. Мен оның құрметіне өзі оқыған мектепке немесе көшеге Иманбектің есімін беруді ұсынамын. Біздегі көптеген атақты спортшыларымыз бен еліміздің мәдени қайраткерлері сияқты. Бұл өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болады. Оның еңбегі мен табандылығының арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады және қазіргі уақытта әлемде адами капитал ең жоғары бағаланады", - деп жазды қаржы кеңесшісі.
Еске сала кетсек, Иманбек Зейкенов Грэмми сыйлығын Best Remixed Recording санаты бойынша жеңіп алған болатын.