$ 498.34  519.72  4.85

11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей жерлерде найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Елімізде 11 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

26 наурызда түнде және таңертең Түркістан облысының> кей жерлерінде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шымкентте ертең түнде және таңертең қатты жаңбыр жаууы мүмкін, кей уақытта найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан қаласында ертең найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

26 наурызда күндіз Қарағанды облысының> оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін. 26-27 наурызда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы кықтимал. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел тұрады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Жезқазғанда ертең көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

26 наурызда Қостанай облысының> кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

26 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының> кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз батыстан соғатын жел кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Атырау қаласында ертең күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

26 наурызда Батыс Қазақстан облысының> кей жерлерінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ертең Оралда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

26 наурызда Ақтөбе облысының> кей жерлерінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

26 наурызда Ақмола облысының> кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

26 наурыз түнде Қызылорда облысының> кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда қаласында ертең түнде найзағай жарқылдайды. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

26 наурызда Шығыс Қазақстан облысында> түнде кей жерлерде қалың қар қар, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Өскеменде ертең жаяу боран соғады, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Семейде ертең жаяу боран соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының> кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда ертең күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

26 наурызда күндіз Жамбыл облысының> кей жерінде нөсер жауады. 26-27 наурызда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз найзағай жарқылдайды. 26-27 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 26 наурызда екпіні 23-28 м/с жетеді.

Таразда ертең таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді, кей уақытта 25 м/с күшейеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары