$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұзда әйел адам 12 жасар қызын бірнеше күнге үйге қамап кеткен

Қатігез ана көңілдесімен кездесуге кеткені анықталды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Екібастұз қаласының тұрғыны бірнеше күнге басқа қалаға кетіп, 12 жастағы қызына тамақ қалдырмай, пәтерде cыртынан жауып кетіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы полиция департаментіне сілтеме беріп.


Полицияға үйдің тұрғындарынан қоңырау түсті. Үйдің көршісі 12 жастағы қыздың пәтерлердің бірінде құлыптаулы екенін айтты. Екі күн бойы жеткіншек үйде жалғыз болған.

Пәтерді ашу үшін ТЖ қызметкерлері, білім беру өкілдері шақырылды. Қызбен сөйлесу барысында әжесі қалада тұратыны белгілі болды. Кәмелетке толмаған жеткіншек қолхат арқылы әжесіне табысталды. 

Полиция қыздың ананың орналасқан жерін анықтады.

"Ол ер адаммен кездесуге Өскемен қаласына кеткені белгілі болды. Үйге бірнеше күт өткен соң оралуды жоспарлаған. Пәтердегі қыздың жалғыз, азық-түліксіз қалғаны оны алаңдатпаған", - деді Павлодар облысы Екібастұз қалалық полиция басқармасының аға инспекторы Фатима Ахметчанова.

Әйелдің қызын неліктен әжесіне қалдырмағаны белгісіз.

Полиция мәліметінше, бұған дейін кәмелетке толмаған баланың анасы ҚР ӘҚБТК-нің 127-бабы бойынша кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл факті бойынша әйелге қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Осы бап бойынша оған 10 АЕК (29 170 теңге) әкімшілік айыппұл салынады. Сонымен қатар, ананың мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары