$ 443.85  474.3  4.8

Атырауда жүкті әйел жедел жәрдем көлігінде босанып қалды

Жедел жәрдем шақырған әйел жүктіліктің 38-39 аптасында болған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Атырауда жүкті әйел жедел жәрдем көлігінде босанды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 наурызда

сағат 21:50-де жедел медициналық жәрдем стансасының диспетчерлік қызметіне 30 жастағы әйелден шақырту түскен.

Жедел жәрдем шақырған әйел жүктіліктің 38-39 аптасында болған. Фельдшерлік бригада 9 минуттан кейін пациентке жеткен. Дәрігерлер әйелдің жай-күйін тексергенде бірнеше сағат бойы толғақ болғаны анықталды. Алайда, жедел жәрдем көлігінде жүкті әйелде қарқынды толғақ басталды. Медициналық қызметкерлері жүкті әйелді көлікте босандырып, қыз бала дүниеге келді. Жаңа туған нәресте мен оның анасы Атырау қалалық перинаталдық орталыққа жатқызылды» -деді басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жүкті әйел жедел жәрдем көлігінде босанған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары