$ 494.87  520.65  4.91

27 наурызда Ақорданың жарығы сөнеді

Орталық екінші жыл қатарынан акцияға еліміздің барлық өңірі қосылғанын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

27 наурызда Нұр-Сұлтанда "Жер сағаты" акциясы құрметіне 150-ден аса ғимаратты безендіріп тұрған сыртқы жарық өшіріледі, деп хабарлайды Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы.

"Ертең, 27 наурызда, жаппай "Жер сағаты" акцясы өтеді. Негізгі мақсат-адамдардың назарын планетаның ресурстарына жауапкершілікпен және ұқыпты қарауға аудару. Жыл сайын 180 елден миллиондаған адам бір сағатқа жарық пен электр құралдарын сөндіреді", - делінген хабарламада.

Орталық екінші жыл қатарынан акцияға еліміздің барлық өңірі қосылғанын айтты.

"20.30-да елорда нысандарының сыртық безендіру жарықтары сөнеді:

  • "Астана-Арена","Алау" мұз сарайы, "Барыс Арена",
  • "Мәңгілік Ел" монументі (салтанат қақпасы), NUR ALEM Болашақ энергиясы мұражайы, "Астана Опера" опера және балет театры, "Бәйтерек" монументі, "Қазақ елі" монументі",
  • Сарайшық көшесі бойынша М2 және Сығанақ көшесі бойынша М3 көпірі,
  • Қазмедиаорталығы, Talan Towers БО, "ҚТЖ" АҚ ғимараты, "Хан Шатыр" сауд, Ailand, Mega Silk Way сауда орталығы, "Сарыарқа" сауда орталығы, ІІМ ғимараты,
  • Назарбаев Университеті, "Жекпе-Жек" СК",
  • Ақ Орда " Президентінің резиденциясы",
  • "Әзірет Сұлтан" мешіті, Ұлттық мұражай, "Шабыт" шығармашылық сарайы, Тәуелсіздік Сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Оқушылар сарайы,
  • сондай-ақ, 150-ден аса тұрғын үй кешенінде", - делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақорда #жарық