$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Автобус салонында 30-ға жуық жолаушы болған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қарағандыда жеңіл автокөлік жолаушылар автобусымен соқтығысып, салдарынан Honda жүргізушісі қаза тапты, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкіліне сілтеме жасап.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 30-ға жуық жолаушы болған, олардың екеуіне медициналық көмек көрсетілді. Аталған дерекке "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі ережелерін бұзу"  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары