Екібастұзда 51 жастағы мас әйел төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«27 наурыз күні сағат 08.10-да Екібастұз қаласында Кеншілер көшесінде әйел адам өзінің абайсыздығынан төртінші қабатта орналасқан пәтерінің балконынан құлап кеткен», - деді облыстық полиция департаментінде.
Сондай-ақ сол күні сағат 19.00-де Бәйет ауылында Канал-Тау көшесіндегі үйдің ауласында 52 жастағы ауыл тұрғыны өзінің абайсыздығынан тепе-теңдікті сақтай алмай қалып, сарайдың төбесінен құлап кетті.
Жазатайым оқиғалардың нәтижесінде зардап шеккендер әртүрлі жарақаттармен ауруханаларға жатқызылды.