Нұр-Сұлтанда көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің бірінде жексенбі күні түнде өрт шықты, деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт туралы хабарлама 28 наурызда сағат 23.33-те түсті, Түркістан көшесіндегі "Алатау" тұрғын үй кешенінің бесінші қабатындағы пәтер жанып жатқан.
Оқиға орнына алты техника мен жеке құрамның 29 адамы барды.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына барған кезде пәтер толық отқа оранған. 40 шаршы метр аумақтағы жиһаз бен үйдегі өзге де заттар өртенген.
Өрт сағат 00.15-те сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.