29.03.2021, 15:00

Павлодарда ер адамның мәйіті табылды

Фото: pavlodarnews.kz
Полиция қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр.

Павлодарда қоқыс контейнерінің қасынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен әйел ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ПД бастығы Нұрлан Мәсімов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі - "Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр.