Жаңалықтар 30.03.2021 сағат 00:15

Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

Халыққа қызмет көрсету орталықтары, "Қазпошта" бөлімдерінің жұмыс уақытына шектеу қойылмаған.
Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантиндік шараларға байланысты жаңа қаулыға қол қойды.

Толықтыруларға сәйкес, эпидеомиологиялық жағдай ушыққан кезде де Ashyq қосымшасына қосылған мекемелердің жұмысы жалғаса береді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары, "Қазпошта" бөлімдерінің жұмыс уақытына шектеу қойылмаған. Алдын ала жазылу бойынша қабылдайды.

Дәмхана, мейрамханалардың жазғы ашық алаңдары ғана жұмыс істейтін болады, тек жартылай толуы керек. Үстелдер арақашықтығы екі метрден кем емес.

Студенттер оқу жылының соңына дейін қашықтан оқиды, жатақханада тұрмайды.

Мектеп оқушылары да, негізінен, қашықтан білім алады.

15 балаға дейін ата-ана өтініші бойынша кезекші сыныптар жұмысына рұқсат берілген:

  • жалпы білім беретін мектептерде – 1-5-сыныптар және 9, 11, 12-сыныптар;
  • халықаралық мектептерде – 1-7-сыныптар.

Қоғамдық орындарда тұрғындарға вакцина салу жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар