$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында 25 жастағы полиция қызметкері асылып өлді

Оның денесі стадиондағы турникте асылып тұрған жерінен табылды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

29 наурызда таңғы сағат 8 шамасында Құрманғазы ауылында полиция қызметкері асылып өлді, деп хабарлайды zakon.kz.

azh.kz басылымының дерегінше, Құрманғазы ауданының 25 жастағы тумасы Теңіз полиция бөлімінде кезекшінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Оның денесі стадиондағы турникте асылып тұрған жерінен табылды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Бұған дейін 20 наурызда Махамбет ауданында аудандық полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкерінің денесі табылған.

Ал 19 наурызда Атырау қалалық полиция бөлімінде психолог болып жұмыс істеген полиция лейтенанты үйлену тойына дейін бірнеше күн қалғанда өз үйінде көз жұмған.

Атырау облысы бойынша полиция департаменті полиция қызметкерлерінің өліміне қатысты түсініктеме берді.

– 29 наурызда Құрманғазы облысындағы 1996 жылы туған полиция қызметкерінің өлімі фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деді Атырау облыстық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әділхан Байдосов. – 20 наурызда денесі Жайық өзені жағасынан табылған полицейдің өліміне қатысты да тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ал 19 наурызда Атырау қалалық полиция бөлімінің қызметкері аурудан қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары