30.03.2021, 11:00

COVID-19: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

Фото: ашық дереккөзі
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңір.

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ВАК-қа сілтеме жасап.

"Қызыл" аймақта әлі де Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Батыс Қазақстан облыстары тұр.⠀

"Сарыда" - Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары.

"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңір.

Еске салайық, 29 наурызда жарияланған эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы Қазақстан "сары" мен "қызыл" аймақтардың шекарасында екенін көрсеткен болатын.