$ 494.87  520.65  4.91

«Осындай жауызды қандай ана тапты екен?»: Түсіпбаева жас қыздың өлімі туралы пікір білдірді

"Баласын 9 ай құрсағында көтеріп, түн ұйқысын төрт бөліп түнімен емізді емес пе? Ол неге осындай жауыз болды?", - дейді әнші.
Фото: коллаж SN.kz
Фото: коллаж SN.kz

Меруерт Түсіпбаева жас қыздарды сақтыққа шақырды. Ер азаматтың үйіне жалғыз кіруден аулақ болу керек екенін айтты. Әнші Алматыда қорлықпен өлтірілген қыздың өліміне қатысты ойын жазды, деп хабарлайды Stan.kz сайты.

«Қыздар – ау…. Бәріміз бақытты болғымыз келеді…. Бірақ абай болыңыңдаршы! Жүз рет ойланыңдаршы, еркектің үйіне кірерде… Мейлі, жұмыс бабымен болса да… Заман-жаман!! Заман - жылан!!! «Басын қайнатып, тісін, тырнағын бөлек жұлып алған. Алматыда өлтірілген Аяжанның туыстары сұхбат беріпті. Көршілер түк естімеген бе? Сонша қиналса... Сабыр берсін сіздерге, иманды болсын Аяжан қыз. Не айтамыз… өзіміздің қазақ… Түркістан облысының тумасы…. жауыз. Маньяк. Қайда бара жатырмыз», – деп жазды Түсіпбаева.

«Осындай жауызды қандай ана тапты екен. Баласын 9 ай құрсағында көтеріп, түн ұйқысын төрт бөліп түнімен емізді емес пе? Ол неге осындай жауыз болды?», «Соншалықты қатыгез зұлым адам екен. Сөзім жоқ. АЛЛАМ жазасын берсін! Қазаның арты қайырлы болсын! Жақындарына сабырлық тілеймін!», «Осындай да адам жауыздыққа барады екен-ау! Адам кейпіне еніп жүрген жыртқыш хайуан ғой», – деп жазды желі қолданушылар.

Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазған болатынбыз.

Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды. Алматы полициясы күдіктіні – Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады.

Полицияға пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.

Сосын Алматыда өлтірілген Аяжанның туыстары сұхбат берді. Сұхбат кезінде қыздың туыс ағасы оның басын қайнатып, тісін, тырнағын бөлек жұлып алғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары