Елімізде СOVID-19 вирусын екінші рет жұқтыру дерегі тіркелді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмамбетова айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл туралы біз хабарлағанбыз. Мұндай дерек Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді, - деді Айжан Есмамбетова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 243 318-ге жетті, 218 031 адам дертінен айықты. 3029 адам аурудан қайтыс болды.