Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
31 наурыздағы жағдай бойынша, «қызыл» аймаққа бес өңір енді: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан.
Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Ал Қазақстан кеше әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.