31.03.2021, 12:40

Атырауда 5 жасар бала 4-ші қабаттан құлап, тірі қалды

Фото: ашық дереккөзі
Қазір жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасында емделіп жатыр.

Атырауда бес жасар бала 4-ші қабаттан құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жыл басынан бері Атырауда көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен 10-ға жуық баланың құлап кетуі тіркелген.

«Терезенің ашық қалуынан 2-7 жас аралығындағы балалар жиі құлайды. Өйткені, олар терезенің алдында ойнау қауіпті екенін ескермейді. Ал, ата-аналар осындай жастағы балаларды қараусыз қалдырады. Мәселен, 27 наурызда бес жасар бала 4-ші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Оны ата-анасы терезесі ашық тұрған бөлмеде жалғыз қалдырған» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасында емделіп жатыр.

Тегтер: Атырау