$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында еліміздегі ең ұзын сарбаз борышын өтеуде

Әсеттің айтуынша, қасындағы достары жоғарыға қолы жетпей жатса, бірден көмекке шақырады екен.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысындағы әскери бөлім ең ұзын сарбазын мақтан тұтады. Оның бойының ұзындығы екі метрге жуық, ал аяғының өлшемі – 47, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қазақстанда бойы ұзын сарбазды анықтайтын байқау болған емес. Сондықтан 21 жастағы Әсет Әбілғапаров үшін артық жағдай жасалмаған. Оның төсегі де басқалардікімен бірдей. Ал сарбаз есіктен еңкейіп өтеді. Артиллерист алдымен әріптестері күлгенін, бірақ қазір оны құрметтейтінін жеткізді.

Әсеттің айтуынша, қасындағы достары жоғарыға қолы жетпей жатса, бірден көмекке шақырады екен.

"Мен ұзынмын, бірақ ондай қатты ұзын емеспін", - деп күлді отан алдындағы борыныш өтеп жүрген жігіт.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды. Ата-анасын сағынған ол ауылына барып-қайтқысы келіп шығып, Тараздан 40 шақырым жердегі мал ұстайтын қоралардың бірінде жасырынып жатқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары