31.03.2021, 15:00

Ақтау әуежайында төтенше жағдай болды (ФОТО)

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақтау халықаралық әуежайында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Төтенше жағдай 30 наурызда әуежай территориясында орын алған. Ғимараттың жолаушылар ұшаққа өтетін бөлігіне механикалық баспалдақты алып жүретін техника соғылған. Салдарынан ғимаратқа зақым келді, деп хабарлады lada.kz.

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.