$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы вакцинаға байланысты үкіметтің жұмысын сынға алды

Тіпті, ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының төрағалығымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

"Жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті, ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген елдер бастан өткеруде. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр", – деді Президент.

Мемлекет басшысы ел азаматтарының сақтық шараларына салғырт қарай бастағанына алаңдаушылық танытты.

"Оған қоса, азаматтарымыз және бизнес өкілдері індеттен әбден қажып, соның салдарынан сақтық шараларына салғырт қарай бастады. Бұл, әрине, жағдайды одан бетер ушықтыруда", - деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вакцина жағдайына байланысты үкіметті сынға алды.

"Үкімет "Спутник V" және отандық вакцина өндірісі туралы келісім елдің вакцинацияға деген мұқтажын толықтай өтейді деп сендірді. Осы ақпарат негізінде мен 1 ақпаннан бастап жаппай вакцинация жарияладым. Екі айдан кейін халықтың 0,2 пайызынан азы вакцина салдырды! Енді мен басқа мемлекеттердің басшыларымен тағы қосымша вакцина жеткізу туралы келіссөз жүргізуім керек... Біз тез жеткізу үшін тиімсіз коммерциялық және қаржылық жағдайларға келісуге мәжбүрміз", - деді Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңесте.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары