Таразда жоғалып кеткен жасөспірімдер он күннен бері іздестірілуде. 17 жастағы Владимир Сергеев пен 15 жастағы Виктория Мазуренко бірге жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz
Полиция қызметкерлерінен басқа кәмелетке толмағандарды іздеуге 20-ға жуық еріктілер қосылды. Олар тастанды ғимараттар мен қала маңындағы аудандардың барлығын қарап шыққан. Алайда нәтиже болмады.
"Кәмелетке толмағандар іздеу салынған адамдардың тізіміне алынды. Олардың үйден кетуіне ата-аналарының бір-бірімен кездесуге тыйым салуы себеп болғандығы анықталды", - дейді Жамбыл облысы полиция бөлімінің жедел уәкілі Кибар Искандаров.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Жамбыл облысы полиция бөлімінің жеке құрамы кәмелетке толмағандарды іздеуге бағытталған. Іздеу шаралары полиция бөлімі басшылығының бақылауында.