Орал қаласының 40 жастағы тұрғыны Райхан Шәріпова іздестіріліп жатыр. Жергілікті Мой город порталаның мәліметінше, оның жоғалып кеткеніне 10 күн болған.
Редакцияға туысы Ағила Құдайбергенова хабарласқан. Ол Райхан Наурыз мейрамына орай Теректі ауданындағы Сарыөмір ауылынан Орал қаласына кетіп, қайта оралмағанын жеткізген.
«Қалада әпкесінің үйіне баратынын айтты. Ол орталық базар аумағында тұрады. Телефоны жоқ. Үйге әлі оралған жоқ. Кетіп бара жатқанда жұмыстары бар екенін айтқан еді. Түскі уақыт болатын. Бірнеше күн бұрын полицияға арыз жаздық», – дейді Ағила Құдайбергенова.
Сонымен қатар, туысы Райхан Шәріпованың бұрын соңды үйден былай кетіп көрмегенін айтады.
«Есепте еш жерде тұрмайды, ішпейді. Үйде күйеуі мен үш баласы бар. Ең кішісі екінші сыныпта оқиды», – дейді ол.