02.04.2021, 21:42

Еліміздің 8 облысында дауылды ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөзі
Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды деп хабарлайды Stan.kz.

Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел, кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырауда түнде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Түркістан облысында оңтүстік-шығыста кей жерлерде шығыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылордада оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, оңтүстік, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Көкшетауда түнде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с-ке жетеді.

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Жезқазғанда оңтүстік-шығыстық жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.