$ 448.89  477.93  4.76

Елордада «Шапағат» базары өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Нұр-Сұлтанда "Шапағат" базарынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 22.30-да өртсөндірушілерге Бөгенбай 69 мекен жайы бойынша "Шапағат" базарына шықты. 

"Келген бойда шатыр мен сыртқы қаптама өртеніп жатқаны анықталды. Бүгінде ТЖД қызметкерлері өртті сөндіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының 8 техникасы мен 32 адамы бар", - деп хабарлады Нұр-сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары