$ 444.32  473.33  4.76

«Шапағат» базарындағы өрт сөндірілді

8 техника мен 32 маман сөндіріп жатыр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шапағат» базарында болған өрт сөндірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін 22:30-да Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр 69 мекенжайы, Шапағат базарына шақыртуға аттанды. Бара салысымен шатырдың және сыртқы жабынды қабаттың өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі сәтте өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр» делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мәліметке сай, оқиға орнында шұғыл өрт сөндіру штабы құрылған. Құрбан болғандар мен жапа шеккен ешкім жоқ. Өртті Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ға қарасты 8 техника мен 32 маман сөндіріп жатыр.

Өрт сағат 23:05 ауыздықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары