4 сәуірде, жексенбі күні елімізде жел күшейіп,тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін, кей өңірлерде жауын-шашын түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазақстанның шығыс жартысы антициклон ықпалында болғандықтан, күн райы ашық болады. Еліміздің батысына циклон жырасы ығысады, соған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікке қатты жаңбыр алып келеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, оңтүстікте найзағай ойнайды.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмін.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, түнде көктайғақ болады, оңтүстігінде жел 16 м/с күшейеді.
Ертең күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.