$ 494.87  520.65  4.91

Қордайда вагонның үстінде ойнаған жеткіншек токқа түсіп көз жұмды

13 және 14 жастағы жеткіншектер вагонға қызық көріп, ойнау үшін шыққан болуы мүмкін.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қордай ауданы Отар бекетінде тоқтап тұрған вагонның үстіне шыққан екі жеткіншек тоққа түсіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресми мәлімет бойынша, жасөспірімдер көктемгі демалыс кезінде әжелерінің үйіне қыдырып келген. 13 және 14 жастағы жеткіншектер вагонға қызық көріп, ойнау үшін шыққан болуы мүмкін. Оларға алғашқы көмек Гвардейский қалашығында көрсетіліпті. Кейін Қордай аудандық ауруханасына ауыстырылған. Бірақ екі жеткіншектің бірі бір күннен соң жансақтау бөлімінде көз жұмған. Екінші баланың жағдайы бір қалыпты дейді мамандар.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында екі бала мұз астына құлап көз жұмғаны айтылған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары