$ 494.87  520.65  4.91

Тұрғындарға тіл тигізіп, жұдырық ала жүгіретін әкім жұмысынан кетті

Жәйрем кентінің әкімі қызметіне 5 жыл бұрын келген Аманғазы Наукеновтің үстінен бұған дейін халық тарапынан шағым түспепті. Әкімнің жұмыстан кету себебін әкімдіктегілер түсіндіріп бере алмады...
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі
Қарағанды облысы Жәйрем кентінің тұрғындары ауыл әкімінен қорқатындарын жеткізді. Айтуларынша, Жәйрем әкімі Аманғазы Наукенов оларға дөрекі сөйлеп, жағадан алады екен, деп хабарлады paryz.kz, 31 арнаға сілтеме жасап.
 
Былтыр Тикток әлеуметтік желісінде жастармен бірге билеген видеосымен елге танылған Жәйрем кентінің әкімі Аманғазы Наукеновтің үстінен шағым жиілеген. Жергілікті тұрғындар әкімге мәселесімен кіруге қорқады екен. Тұрғындардың айтуынша, әкім кейде дөрекі сөйлеп, қол жұмсайтын көрінеді.
 
"Барудан қорқамыз енді. Тіл тигізеді. Ұрмақшы болып жүгіреді. Содан кейін шошып қалыппын. Бұндай адамды қалай әкім етіп сайлап отыр? Бұл Аманғазы Наукеновті кім әкім қылып қойған өзі?!" - дейді Жәйрем кентінің тұрғыны Халымхан Өсерхан.
 
Ал Қаражал қаласының әкімдігі тұрғындар тарапынан ресми шағым түспегенін айтады. Өтініш түскен жағдайда әкімге қатысты шара қолданылатынын жеткізді. Алайда бүгін шенеунік өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш жасаған.
 
"Қазір Жәйрем кентінің әкімі Аманғазы Боранбайұлы Наукеновтен 5 сәуірден бастап аталған лауазымынан өз еркімен босату туралы өтініш түскен болатын", -деді Қаражал қаласы әкімінің аппарат басшысы Досбол Құлымбетов.
 
Жәйрем кентінің әкімі қызметіне 5 жыл бұрын келген Аманғазы Наукеновтің үстінен бұған дейін халық тарапынан шағым түспепті. Әкімнің жұмыстан кету себебін әкімдіктегілер түсіндіріп бере алмады. Айта кету керек, дәл осы Жәйремдегі апатты үйлердің мәселесі соңғы кезде қатты талқыға түскен еді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары