05.04.2021, 07:24

5 сәуірге арналған ауа райы болжамы

фото: inform.kz
Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте және оңтүстік-шығыста нөсер жауын болады.

5 сәуір, дүйсенбіде Қазақстанда жел күшейіп, жаубыр жауады, көктайғақ болуы мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет.

5 сәуірде циклон солтүстік-шығысқа жылжып, Қазақстанның басым бөлігіне ықпал етеді және соған байланысты атмосфералық ағындар кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте және оңтүстік-шығыста нөсер жауын алып келеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстік-батыста – жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл соғып, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста – найзағай жарқылдайды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде көктайғақ болады, күндіз – найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, оңтүстік-батыста жылдамдығы 30 м/с асып кетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде найзағай жарқылдайды.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл соғады.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде кей жерлерде көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.