05.04.2021, 23:24

Бекшин COVID-19 таралуы бойынша сәуірге болжам жасады

Фото: Ашық дереккөзі
Біз пессимистік және оптимистік болжамдар жасадық.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың таралуына байланысты сәуір айына деген божамы жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Менің ойымша, сәуір айында аурудың өршуі жалғасады. Оған себеп коронавирустың мутацияланған штамдары. Сіз бұл вирустың ерекше екенін көріп отырсыз. Оның инкубациялық кезеңі өте қысқа. Оның жұғу көрсеткіші жоғары. Сондықтан сәуірде наурызбен салыстырғанда өсім болады. Біз пессимистік және оптимистік болжамдар жасадық. Біз аурушаңдық жиілейді деп ойлаймыз», - деді ол.