$ 448.15  483.46  4.86

Ауа райы: еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

7 сәуірде Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромент.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Петропавлда тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыс, оңтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы