26.07.2014, 04:10

Елімізде демалыс күндері ауа-райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады

Сурет: blog-eugeny

Шілденің соңғы демалыс күндерінде, Қазақстанның солтүстігі және орталық облыстарында жауын тоқтамайды, температура  +13…+25º көтерілмейді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ауа-райының бұл қылығы, ылғалды және салқын ауаны арктикалық аудандардан Қазақстанға әкелген, Батыс Сібір аспанындағы биік циклонмен байланысты. Сондықтан алдағы үш күнде Қазақстанның шығысында, дүйсенбіде оңтүстік және оңтүстік-шығысында, қысқа мерзімді нөсерлі-жаңбыр 15-25 м/с жел күтілуде.

Ал шығыста температура +25…+33º тан +20…+28º дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +30…+38 ден +25…+35º дейін төмендейді. Батыста көбіне күн ашық, жауын-шашынсыз, күндізгі температура +28…+35º болады.