Италияның Аматриче қаласы жойқын жер сілкінісі салдарынан қирап қалды деп хабарлайды Рейтер агенттігі қала мэрі Серджио Пироцциге сілтеме жасап. Қирандылар астында қала тұрғындары қалып қойған.
EMSC еуропалық сейсмология орталығының мамандарының мәліметінше, Италияның орталығында болған жерасты дүмпулерінің магнитудасы 6,1 балды құраған. Ал, АҚШ-тың Геологиялық қызметі жер сілкінісінің қуаты 6,2 балл болғанын айтады.
Дүмпулер Италияның бірнеше қаласында сезілген. Тіпті, Рим тұрғындары да жердің шайқалғанын сезгенін жазып жатыр. Аккумоли қаласының мэрі 4 адамның қайтыс болғанын айтуда. Алайда, ел билігі ресми түрде тек 2 адам табиғи апаттың құрбаны болды деген ақпаратты таратып отыр.
""Аматриче қаласына барар жол бекітіліп қалған. Қаланың жартысы жоқ, жермек-жексен болды. Адамдар ұйінділер астында қалып қойды... Лай көшкіні жүрді, көпір қирап қалды деген болжам бар, - деді Пироцци RAI телеарнасына берген сұхбатында.