$ 494.87  520.65  4.91

«Бензин қымбаттайды. Бірақ оны реттей алмаймыз» - энергетика министрлігі

Өңірде бензин тапшылығы байқалады. Бірқатар жанармай құю бекеттері бензинді тек талон арқылы береді.
Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда бензин күрт қымбаттады. Энергетика министрлігі жанармай құнын ешкім реттемейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Алматыда бірнеше күн бойы ең көп сұранысқа ие бензин маркасының бағасы жеті теңгеге көтерілді. АИ-92 бағасы литріне 168 теңгеге дейін өскен.
"Баға бір ай ішінде бірнеше рет өзгерді. Бір ай бұрын АИ-92-нің бағасы 150 теңге болатын, қазір ол 13 теңгеге өсті", - дейді жүргізуші Дархан Әбдіралиев. 

Кейбір өңірлерде баға бірнеше рет өзгерген. Ақтауда кеше АИ-92 маркалы бензин 159 теңге болса, бүгін 172 теңге. Петропавлда бензин одан да қымбат. Республиканың солтүстігінде АИ-92 бағасы литріне 178 теңгеге дейін жетеді.

Өңірде бензин тапшылығы байқалады. Бірқатар жанармай құю бекеттері бензинді тек талон арқылы береді.
Таразда АИ-95 маркалы бензин тапшы екені анықталды. Бұл марканың бағасы 186 теңгеге дейін өскен.

Қазақстаның батысында жанармай құю станция (ЖҚС) иелері сатуға шектеу қойған. Бір көлікке 10 литрден артық бензин сатылмайды. Телеарнаның мәліметіне сүйенсек, Оралда бензин талонмен сатылады. Ең арзан бензин Ақтөбеде. Онда баға 150 теңгеге дейін өскен.

Семейде жанармай 10 теңгеге қымбаттаған. Елдегі бензиннің ең қымбат бағасы Атырауда тіркелген. Онда литріне 200 теңге. Ақтауда АИ-92 сегіз теңгеге арзан. Оралда литріне 170 теңге.

Жанармай бағасы бірнеше себептерге байланысты өскені айтылды. Олардың ішінде: екі мұнай өңдеу зауыттарында жоспарлы жөндеу, импорттық шикізат және экономикалық дағдарыс. Мұның бәрі бағаның өсуіне себеп болған.

Алайда Энергетика министрлігі бұл жағдайды қалыпты санайды.
"Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы баға реттелмейді және сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықпен анықталады. Ел бойынша АИ-92 бағасы литріне 154 теңгеден 172 теңгеге дейін өзгереді. Резервте мұнай жеткілікті. Біз жетіспеушіліктің болмауы үшін барлық жағдайды қарастырдық", - деді Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Талғат Құрманбаев.

Сарапшылар Қазақстандық зауыттардың үштен бірі Ресейден шикізат алатынын айтты. Онда литр бағасы 200 теңгеден асады. Олардың айтуынша, егер жағдай өзгермесе, қымбаттаған бензин тауарлар мен қызметтердің құнына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі наурыз айында АИ-92 бензинінің бағасы қалай өзгергенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары