$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 60-тан астам нәресте коронавирус жұқтырып, ауырып жатыр

Алматыда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Алматыда жасқа толмаған 60-тан астам сәби коронавирус жұқтырып, ауырып жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Бір жасқа дейінгі балалар арасында инфекция таралу көрсеткіші өсті. Егер қаңтар айында 10-ға жуық жағдай тіркелсе, қазір жасқа толмаған 60-тан астам бала емделіп жатыр», - деді ол.

1 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші аптасына 64 жағдайға дейін жетті: наурыздың алғашқы аптасында - 12 жағдай, 2-ші аптада – 27 жағдай (мутацияланған штаммдарды тіркеудің басталуы), 3-ші аптада – 41 жағдай, 4-ші аптада – 54 жағдай, сәуірдің алғашқы аптасында - 64 жағдай.

Алматыда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. Жыл басынан бері мегаполисте 21 134 адам коронавирус жұқтырды (100 мың тұрғынға шаққанда 1 038,7), наурызда - 9 525 жағдай тікелсе, 8 сәуірде - 5 057 адамнан індет шықты. Өткен тәулікте 717 алматалықтан коронавирус инфекциясы табылды. Күнделікті өсім 1,8 құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары