Елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі, 11 сәуір күні қала ішінде және қала маңына қатынайтын автобустар жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», - деп мәлім етті «City Transportation Systems» компаниясынан. ⠀
Дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істей бастайды. Компания өкілдері автобустарға маскасыз кіруге болмайтынын ескертеді. Жолақы қолма-қол ақшасыз төленеді.