Индонезияның шығысында 6 балдық жер сілкінісі болып, алты адам көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Индонезияның табиғи апатпен күрес басқармасының ұлттық орталығының өкілі Радитья Жати елдің Лумаджанг және Маланг қалаларында алты адамнан зілзаладан көз жұмғанын айтты.
Оның сөзіне қарағанда көптеген үйлер қираған, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.