11.04.2021, 22:43

Хромтауда жарылыс болды

фото: inform.kz
Жеті адам ауруханаға жеткізілді.

Хромтау ауданы, Ақжар ауылында жеке үйде жарылыс болып, кіреберіс бөлме құлап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 16:00-де Хромтау ауданы Ақжар ауылында үйде жарылыс болып, кіреберіс құлап қалды. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімінің бригадасы жіберілді.

«Төтенше оқиға кезінде Хромтау қаласының ауруханасына 7 адам жеткізілді. Оның ішінде үшеуі бала. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі уақытта бәрін дәрігерлер өз бақылауына алды»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін Ақтөбе қаласында көпқабатты үйде пәтер өртенді.