$ 498.34  519.72  4.85

Балаева «Спутник V» вакцинасын салдырды

Әр адам өзінің азаматтық жауапкершілігін сезіне білуі керек.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева  індетке қарсы вакцинаны салдырды. Бұл туралы министр «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасында мәлімдеді.

«Қазір көңіл күйім көтеріңкі, жақсы. Денсаулығыма ешқандай әсерін тигізген жоқ. Инені салған кезде ауыратыны бар, сәл ауырсыну болды. Медицина қызметкерлерінен жалпы нұсқаулық сұрап алдым. 2-3 күн денсаулығымды күтіп, суыққа шықпай, маска киіп жүру сынды сақтық шараларын орындайтын боламын. Енді 21 күннен кейін екінші компонентін аламын», деді министр.

Сонымен қатар Аида Балаева «Спутник V» вакцинасын алғанын атап өтті.

«Қазақстандық вакцина сынақтың үшінші сатысынан өтіп жатқаны белгілі. Оны күтпеу үшін бүгін ресейлік Спутник V вакцинасын салдырдым», деді Аида Балаева.

Ақпарат министрінің атап өтуінше, әр адам өзінің азаматтық жауапкершілігін сезіне білуі керек. Өйткені бұл оның ғана денсаулығының емес бүкіл қоғамның қауіпсіздігі.

«Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, вакцинация – вирусты жеңудің жалғыз жолы. Вакцина салдырғаннан кейін де қауіпсіздік іс-шараларын ешкім де өзгертіп жібермегені түсінікті. Қалыпты өмірге оралуымыз, балаларымызды мектепке жібере алуымыз, жақындарымызбен кездесіп, отбасылық, сонымен қатар мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларды өткізуіміз үшін ұжымдық иммуниеттің қалыптасуы өте маңызды», деді министр.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары