12-16 сәуір аралығында Қазақстанның 5 өңірінде өзен суы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарттық порталы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
«12-16 сәуір аралығында Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында еріген қар ағынының қалыптасуына және күннің жылынуына байланысты өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аумақтарға судың тасуы болжанады», - делінген хабарламада.