$ 494.87  520.65  4.91

Елордалық кәсіпкер жалғызбасты анаға өз қожалығынан жер мен үй сыйлады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желі арқылы кейіпкеріміздің тағдырымен жіті танысқан кәсіпкер, көп ұзамай өз иелігіндегі жер мен үйді  бір жыл ешқандай ақысыз тегін беретінін хабарлапты.

Әрекетке – берекет! Осыдан екі ай бұрын аядай ғана саяжайды паналап, оны жылыжайға айналдырған жалғызбасты ана жайлы репортаж дайындаған едік. Іскер әйелдің еңбекқорлығына тәнті болған елордалық кәсіпкер оған өз қожалығынан жер мен үй беретінін хабарлады. Бастысы бизнесін дөңгелетсе болды. Бұл туралы Newsroom Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айгерім ҮРМЕТАЕВА, қала тұрғыны
Былтыр помидор отырғыздым, сопақ, огурцы отырғыздым, асқабақ не керек енді? Жейтін жердің астына салынатын не бар, бәрін қазып алдым, дұрыс болмады. Қасығы 100 тг. Қазір 22 теңге бір огурцы».

Кейіпкеріміз Айгерім Үрметаеваның тағдыры жайлы бір ай бұрын репортаж дайындап, көрермендерімізге ұсынған едік. Жалғызбасты ана, екі баласымен елорданың іргесіндегі саяжайлардың бірін паналап келеді.  Аядай ғана үйді қайырымдылық қорынан сұрап алған. Өзінің тұрақты жұмысы жоқ. Дегенмен  үйі  ішін жылыжайға аналдырып, кішігірім бизнес дөңгелетуді армандайтынын жеткізген болатын.

Жалғызбасты ананың арманы тура екі айдан кейін орындалды. Әлеуметтік желі арқылы кейіпкеріміздің тағдырымен жіті танысқан кәсіпкер, көп ұзамай өз иелігіндегі жер мен үйді  бір жыл ешқандай ақысыз тегін беретінін хабарлапты.

Назгүл МАҚАЖАНОВА, Қайырымдылық қорының жетекшісі:
Әр түрлі келіншектер келеді. Әрине жағдайлары мәз емес. Негізі Әйгерімге таң қалғанмын 10 кв жерге теплица жасаған, жыл сайын күн көремін. 7-2 жастағы. Мүмкін Әйгерімге 1 гектар жер , анау 10 кв жер не болады? Енді берекесіз болады. Ертең Қардың ерігенін, көктем келгенін күттік».

– Егер де көшіп келген жағдайда бұл жерге не егесіз? 
– Мен помидор, огруцы егемін. Су жағынан қиналмасақ… Қазір АСП алып отырмын, соған қарамай, үшке келгенде тоқтайды.

Еңбекқор келіншек  үйде қол құсырып отыруға үйренбегенін айтады . Алдағы күндері қар толықтай ерісе  үйдің ауласын, ішін реттеуге кіріспек. Одан бөлек, қара жерді  бау-бақшаға  айналдырып, көкөністердің түр-түрін егіп,  базарда сатуды жоспарлауда.

Айгерім ҮРМЕТАЕВА, қала тұрғыны:
«Сіздерге де рақмет. Осылай  сіздер болмасаңыздар… демеусіздер. Құдай мә деп бере салды ма да деп түсінбей отырмын».
Іскер әйелдің арманы мұнымен шектелмейді.  Кәсібі дамыса, мал асырап, шаруасын кеңейтпек екен.  Ең бастысы «әрекетке – берекет» дейді ол!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары