Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.
14-15 сәуірде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Петропавл қаласында 14 сәуірде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.
14 сәуірде Ақмола облысында кей жерлерде тұман болады деп болжануда. 14 сәуірде таңертең және күндіз
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Шымкент қаласында 14 сәуірде күннің соңында найзағай болады.
Түркістан қаласында 14 сәуірде күннің соңында найзағай болуы мүмкін.
14 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
14-16 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, найзағай күтіледі. 14-16 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қаласында күндіз 15 сәуірде найзағай күтіледі. Күндіз 14 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.