Қазақстанда екінші жыл қатарынан коронавирус пандемиясына байланысты 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған шеру өткізілмейтін болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне еліміздің қорғаныс министрлігі хабарлады.
Елімізде пандемияға байланысты бір жылдан астам уақыттан бері жаппай іс-шара өткізуге тыйым салынғандықтан, мерекелік шеру өткізілмейтін болған.
Айта кетсек, былтыр Нұр-Сұлтан қаласында пандемия салдарынан Ұлы жеңістің 75 жылдығына жоспарланған әскери шеру де өткізілмеген болатын. 2020 жылдың 12 наурызынан бастап Қазақстан аумағында қандай да бір қоғамдық іс-шаралар өткізуге рұқсат жоқ.