АҚШ дәрігерлері пациенттің физикалық белсенділігі төмен болған жағдайда коронавирустан көз жұму қаупі үш есе артатынын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.
Мамандардың British Journal of Sports Medicine журналында жарияланған зерттеуіне сәйкес, дәл осы фактор адамның ауруханаға түсу мүмкіндігін де екі есе арттырды.
Фонтанадағы Kaiser Permanente Медициналық орталығының мамандары коронавируспен ауыратын 48 мың адамның деректерін зерттеді.
"Біздің бақылауларымыз физикалық белсенділіктің төмен деңгейі темекі шегу, семіздік, қант диабеті және гипертониямен салыстырғанда SARS-CoV-2 жұқтырудың ең қауіпті факторларының бірі екенін көрсетті", — делінген зерттеуде.
Ауру жұқтырғандардың тек 9 пайызы ауруханаға түсті, сондай-ақ аз адам көз жұмды. Дәрігерлер марқұм науқастардың белсендігі төмен екенін анықтады. Сонымен қатар, ол реанимацияға түсу қаупін 70 пайызға арттырды.
"Әлемнің барлық елдерінің денсаулық сақтау органдары мұны халықпен жұмысында ескеруі керек, бұл оқшаулау кезінде форманы сақтау қаншалықты қиын екенін ескерсек, өте маңызды", — деп атап өтті мамандар.