$ 448.15  483.46  4.86

Түркістандағы «Керуен-сарайдың» құрылысына қанша қаржы кеткені белгілі болды

Жергілікті билік бұл жаңа кешен туристерді тартып, тұрақты жұмыс орындарының көбейтеді деп есептейді.

Қазақстанның Даму Банкі Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» кешенінің құрылысына қанша ақша жұмсалғаны туралы айтты.

Халық арасында «Түркістан Венециясы» деп аталып үлгерген кешенге 87 миллиард теңгеге жұмсалған, оның жартысына жуығын ҚДБ бөлген.

Жергілікті билік бұл жаңа кешен туристерді тартып, тұрақты жұмыс орындарының көбейтеді деп есептейді және алдағы 20 жылда бюджетке 18 миллиард теңгеден астам салық аударымдары түседі деп жоспарлап отыр.

«Жобаның құны 87 миллиард болды, «Turkistan Silk Way Harbor» ЖШС қарыз алушысының жеке үлесі 47 миллиард теңге (жобаның жалпы құнының 54 пайызы), ҚДБ-ның үлесі 40 миллиард теңге», — деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ банк қаражаты есебінен құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, туристік кешенге арналған жабдықтар сатып алынған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары