$ 448.15  483.46  4.86

Мәдениет министрлігі қазақстандықтарға Түркияға бармауға кеңес берді

Министрлік Түркияда эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағанын атап өтті

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік Түркияда эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағанын атап өтті - соңғы күндері мұнда тәулігіне коронавирусты жұқтырған 50 мыңнан астам адам анықталды.

«Осыған байланысты біз Қазақстан азаматтарынан жағдай тұрақталғанға дейін осы елге барудан аулақ болуды сұраймыз. Барған жағдайда эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын мүмкіндігінше сақтаңыздар, қонақ үй маңынан шықпауға тырысыңыз және адамдар көп шоғырланатын орындарға барудан аулақ болыңыздар", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, елдің бас санитарлық дәрігерінің соңғы жарлығына сәйкес, басқа елдерден қайтып оралған азаматтарға теріс нәтиже көрсеткен ПТР куәлігі болмаса, ұшаққа кіре алмайтындығы туралы ескертілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары