15.04.2021, 18:00

Қайыңды көлінде матраспен жүзген қыз экологты сотқа шақырды

Ол менің ар-ожданымды таптады.

Алматы облысындағы Қайыңды көлінде түсірілген бейнероликтен туындаған шу әлі тоқтар емес. Қайыңды көлінің ортасында матраста тынығып жатқан Карина Муфтахтинова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қазақстандықтарға үндеу тастады.

Ол осы оқиғаны сынға алған белгілі эколог Сәкен Ділдахметті сотқа беретінін айтты. Бұл туралы YEDILOV ONLINE хабарлады.

«Жаңа ғана Сәкен Ділдахметтің фейсбуктегі парақшасына кіріп, оның Экология министрлігіне жазған өтінішін оқыдым. Онда ол біздің еңбегімізді циркке теңеп, «Brazzers жігіттерін шақырсақ қайтеді?» деп жазыпты. Алайда мен Brazzers секілді пабликтерге кірмеймін. Сөйтсем бұл порносайт екен. Бұл сөзі арқылы ол менің ар-ожданымды таптады», – деді Карина Муфтахтинова.

Видеоүндеу соңында ол Сәкен Ділдахметпен сотта жолығатынын айтты.

 

Тегтер: экология