15.04.2021, 22:52

16 сәуірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанып отыр

фото: sputnik.kz
Кей жерлерде – тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болып, күннің жылынуы болжанды, деп хабарлайды Sputnik Қазгидромет-ке сілтеме жасап.

Тек, республиканың оңтүстігі мен батысында, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде – тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында – тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан облысында – найзағай ойнап, секундына 15-20 метр жел соғады.

Өңірлердегі ауа-райы Жамбыл облысында жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында – тұман, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы облысы мен Алакөл көлдері аймағында жел секундына 15-20 метрге дейін жетіуі мүмкін.

Қостанай, Маңғыстау, Атырау облысында тұман түседі.

Мегаполистердегі ауа-райы Нұр-Сұлтанда күн бұлтты болады. Түнде ауа температурасы: 0 +2°C, күндіз: +13 + 15°C. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр.

Алматыда бұлтты ауа райы қалыптасып, температура түнде +10 +12°C, күндіз +22 +24°C. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр болады.

Шымкентте – күн райы жауын-шашынды. Желдің екпіні секундына 8-13 метр, ауа температурасы түнде +8 + 10°C, күндіз +22 +24°C.